300-ден астам нысан эко-мониторингпен қамтылды.

0
76

Үстіміздегі жылдың 15 тамызы мен 15 қыркүйегі аралығында қоғамдық эко-бақылау бойынша (абаттандыру, елді мекендердің, тарихи-мәдени және туристік объектілердің экологиялық жай-күйі саласында) республикалық акция жүргізілді,-деп хабарлайды zamandas.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акция аясында республика бойынша барлығы 3 мыңға жуық адамның қатысуымен 300-ден астам нысан эко-мониторингпен қамтылды.

Жобаның мақсаты – жұртшылықты табиғатты қорғауға және оған ұқыпты қарауға, проблемалық мәселелерді анықтап, азаматтық қоғамды белсенді тарта отырып шешу. Сондай-ақ өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді қатысуға және жалпы әл-ауқатқа үлес қосуға дайын күшті, ұйымшыл және жауапты қоғам құруға ықпал етуге бағытталған.

Акция 4 тақырыптық апта шеңберінде өткізілді:

  1. Туристік және тарихи-мәдени нысандардың эко-мониторингі апталығы (15-22 тамыз);
  2. Абаттандыру, оның ішінде жасыл желектерді күту және суару саласындағы эко-мониторинг апталығы (23-30 тамыз);
  3. Стихиялық полигондардың эко-мониторингі апталығы (31 тамыз — 7 қыркүйек);
  4. Жер қойнауын пайдалану объектілерінің эко-мониторингі апталығы (8-15 қыркүйек).

Акцияға Қоғамдық кеңес мүшелері, 600-ден астам экологиялық және қоғамдық ұйымдар, эко-блогерлер, эко-еріктілер, БАҚ өкілдері қатысты.

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі болды


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213