80-нен аса телеграм арна бұғатталды

0
18
Фото: Halyq Uni

Синтетикалық есірткіні жарнамалаған 80-нен аса телеграм арна бұғатталды, деп хабарлайды zamandas.kz Halyq Uni.-не сілтеме жасап.

Бас көлік прокуратурасы ақпаратына сәйкес, әлеуметтік желілерді бақылау барысында синтетикалық есірткіні насихаттау, жарнамалау және сату мақсатында құрылған телеграм арналар анықталған.

Нәтижесінде «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі арқылы 80-ден астам телеграмм арналары бұғатталды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Прокуратура органдары байланыс операторларымен бірлесіп, бақылау шараларын жетілдіруді және платформалармен заңсыз контентті жылдам бұғаттауды жалғастырады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз