«Материалдар сотқа жолданды»: Қайрат Нұртас ұсталды (ВИДЕО)

0
194
ото: видеоскриншот

Әнші Қайрат Нұртас Алматы-Астана бағытындағы ұшақта бұзақылық көрсетіп, жолаушының денсаулығына жеңіл зиян келтірген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жақында танымал әнші Қайрат Нұртас (Айдарбеков) Алматыдан Астанаға ұшатын ұшақтың бортында дау шығарған. Әнші басқа жолаушының денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Жәбірленушінің аты — Асылбек Бекқайыров.  Бұл жағдайға байланысты әуе кемесінің командирі полицияның көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері екеуін  бөлімшеге алып барады. Онда музыкантқа екі әкімшілік құқық бұзушылық — денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және қайта жасалған ұсақ бұзақылық туралы хаттама ресімделді»,- деп жазды Kozachkov telegram арнасы.

Бұған дейін Нұртас сахнада бейәдеп сөздер үшін айыппұл төлеген болатын, сондықтан ол рецидивист болып шықты. Асылбек Бекқайыровқа да хаттама жасалды.

Azattyq Rýhy тілшісі Көліктегі полицияның баспасөз қызметіне хабарласты.

«Алматы-Астана» бағытындағы әуе рейсінің бортындағы ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар қарау үшін сотқа жолданды»,- деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін танымал шоумен Тұрсынбек Қабатов ұшақ бортында мас күйінде стюардессаға боғауыз сөздер айтып, жолаушылардың мазасын алғаны үшін бес тәулікке қамалған.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Әлеуметтік желіде мас күйде балағат сөздер айтқан тұрғын ұсталды


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213