Қаржы пирамидасын басқарған әйел Армениядан экстрадицияланды
Бүгін Бас прокуратура және Интерпол қызметкерлері қаржы пирамидасын басқарған қазақстандық әйелді қылмыстық жауапқа тарту үшін елге экстрадициялады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 2019-2021 жылдар аралығында күдікті Қостанай облысындағы «Finiko» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған. Оның қылмыстық әрекетінің салдарынан 40-қа жуық адам 167 млн теңгесінен айырылған.
Қылмыстық топқа қатысушылардың бір бөлігі бұрын жазаның әртүрлі түрлеріне сотталған. Күдікті осыдан кейін Арменияда жасырынған және сол елде ұсталды, – делінген прокуратура хабарламасында..
Қазір күдікті Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды. Бұл қылмыс үшін 7 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге сотталуы мүмкін.