Ерназар Жұбан «Славян базары» фестивалінде бірінші орын алды

0
100
Фото: fest-sbv.gck.by

Қазақстандық Ерназар Жұбан Витебскіде өткен «Славян базары» өнер фестивалінде бірінші орын алды. Ал бас жүлде молдовалық әншіге бұйырды,

Осымен барлығы осылай аяқталды! Еліміздің атын шет елде қорғаған қандай керемет сезім! Еңбек ақталды деп ойлаймын. Осы 1-орнымды еліме арнағым келеді. Әке-шешем, бауырларыма алғыс айтамын! Барлық жанкүйерге рақметтен артық айтарым жоқ, достарым жанымда болмасаңдар да, қолдауларыңды сездім. Ұйықтамай күткен жандарға көп рақмет! Жанымда болып, қолдау көрсетіп, менімен уайымдаған менің продюсерім Байғали Серкебаевқа барлығы үшін алғыс айтқым келеді, — деп жазды Ерназар Жұбан әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Витебскідегі «Славян базары» XXXIII халықаралық өнер фестивалінің бірінші күнінде қазақстандық Ерназар Жұбанның «Подберу музыку» композициясы көрермен мен қазылар алқасын баурап, барлығы 70 ұпайдың 69-ын алған еді.

Ол ән шырқап болғаннан кейін жергілікті «Белта» ақпарат құралына берген сұқбатында «Славян базары» байқауына қатысуға 6 жыл қатарынан тырысқанын, сөйтіп алтыншы жыл дегенде ғана мүмкіндік алғанын айтып берді.

Айта кетейік, халықаралық ән байқауы 9-15 шілде аралығында өтті.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • «Делдалдар жойылды». Қызылордада ауруханалар 6 млн теңгеден аса қаржыны үнемдеді

  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213