Астанада арнайы ХҚКО қызметкерлері сотталды

0
86

ыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астанадағы арнайы Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлеріне қатысты сот тергеуінің аяқталғанын хабарлады, – деп хабарлайды Аikyn.kz Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«460-тан аса автокөлікті заңсыз есепке қоюмен айналысқан ҰҚТ мүшелеріне – елордалық Мамандандырылған ХҚКО қызметкерлеріне, полиция қызметкерлеріне және азаматтық тұлғаларға (12 адам 3,5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 3 адам 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды) қатысты үкім шығарылды», – делінген хабарламада.

Мемлекетке келтірген жалпы шығын 1,2 миллиард теңге болған.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ