«Апорт» алмасын ұлттық бренд ретінде кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілуде

0
12

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың тапсырмасына сәйкес, 2025–2028 жылдарға арналған «Апорт» алмасының сортын қайта жаңғырту жөніндегі Жол картасының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізілді.
Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылы басталды және еліміздің бірегей мәдени мұрасы әрі символы саналатын «Апорт» алмасының сортын қалпына келтіруге бағытталған.

Президент Іс Басқармасына қарасты «Астана 20» мемлекеттік қорының белсенді қолдауымен сапалы көшет материалын өсіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл материал болашақта «Апорт» сортын отырғызатын жаңа бақтардың негізіне айналмақ.

2024 жылы Жоңғар Алатауының таулы аймақтарынан Сиверс жабайы алмасының тұқымдары жиналып, олар себіліп, көшет питомнигі құрылды. 2025 жылғы ақпанда сапалы көшеттер дайындау мақсатында 10 гектар алқапта қысқы көзтаңба (окулировка) жұмыстары жүргізілді.

Министрлік өкілдерінің Алматы облысына жұмыс сапары ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың төрағалығымен өткен кеңеспен аяқталды. Кеңеске салалық құрылымдар мен ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты. Онда Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Талғар» өңірлік филиалы басшысының есебі тыңдалды. Сонымен қатар жобаны іске асыруға кедергі келтіріп отырған мәселелер талқыланып, оларды шешудің нақты жолдары айқындалды. Тиісті құрылымдарға нақты тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, 2027 жылдың соңына дейін 110 гектар бақ отырғызу көзделіп отыр.

Сонымен қатар, «Апорт» алмасын ұлттық бренд ретінде кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, биылғы қыркүйек айында Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының помологиялық бағы базасында «Бақ күні» шарасы өтеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Жол картасын іске асыру шеңберінде барлық іс-шараларды үйлестіріп, жобаның ғылыми негізін, сабақтастығын және орнықты дамуын қамтамасыз етуді жалғастырады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ