Рамазан Айнегов Азия ойындарында күміс жүлде алды

0
17
Астаналық Рамазан Айнегов жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында елордалық спортшы, триатлоншы Рамазан Айнегов күміс медаль иеленді.

Жарыс «суперспринт» бағдарламасы бойынша өтті. Қазақстан құрамасының намысын екі спортшы қорғап, олардың ішінде Астана қаласының өкілі Рамазан Айнегов мәре сызығын екінші болып кесті.

Жарыстың жеңімпазы — Қытай спортшысы Ли Янсон, ал үздік үштікті Оңтүстік Корея өкілі Ву Хён Кан түйіндеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ