«Алқа» әдеби клубында жасанды интеллектің әдебиетке әсері талқыланды

0
21

Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Алқа» әдеби клубының «Жаһандану дәуіріндегі жасанды интеллектің әдебиетке әсері» тақырыбында отырыс өтті.

Жиынға министрлік өкілдері, еліміздің түрлі өңірлерінен келген ақын-жазушылар және клуб мүшелері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар жасанды интеллектің қазіргі әдебиеттегі рөлі, оның мүмкіндіктері мен шектеулері, сондай-ақ авторлық құқыққа қатысты мәселелерді талқылады.

Сонымен қатар, XXVIII халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі аясында «Үздік әдеби шығарма» аталымында көзге түскен жас ақынға «Алқа» әдеби клубының арнайы жүлдесі табысталды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ