Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениет

Алматыда «Ұлы Жібек жолымен – 2026» халықаралық кітап көрмесі ашылды

Алматыда «Ұлы Жібек жолымен – 2026» XIV халықаралық кітап және полиграфия көрмесі ашылды. Бағдарламаға сала мамандарының кездесулері, кітап тұсаукесерлері, баспа және полиграфия ісіндегі жаңа технологиялардың таныстырылымы енген.

Көрмеге Қазақстан, Ресей, Қытай, Канада, Түркия, Тәжікстан және Өзбекстаннан баспалар, кітапханалар, полиграфиялық кәсіпорындар мен салалық қауымдастықтар қатысуда.

Қазақстан атынан Ұлттық кітапхана, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы, сондай-ақ «Алматыкітап», «Арман-ПВ», «Атамұра», «Мектеп», «Дарын», «Көкжиек-Горизонт» және «Қазақ университеті» баспалары қатысып жатыр.

Көрменің алғашқы күні «Börte – Ұлы Дала патшайымы» және Ахмет Кенесариннің «Genealogy of Sultan Sydyk» кітаптары таныстырылды. Сондай-ақ Есболат Айдабосынның «Бүкір» романының таныстырылымы өтіп, оқырмандар автормен кездесті.

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында студенттер «Шамшырақ» қойылымын сахналады.

Көрме XXV қазақстандық халықаралық «Білім және мансап – 2026» көрмесі аясында ұйымдастырылды. Ол 20 қарашаға дейін жалғасады.

Сәйкес жаңалықтар

Наурыз мейрамы жаңаша тойланады

zamandas_kz

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында сенсация жасады

zamandas_kz

Jibek Joly туры қызықты саяхатқа шақырады

zamandas_kz