Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениет

Алматыда «Ұлы Жібек жолымен – 2026» халықаралық кітап көрмесі ашылды

Алматыда «Ұлы Жібек жолымен – 2026» XIV халықаралық кітап және полиграфия көрмесі ашылды. Бағдарламаға сала мамандарының кездесулері, кітап тұсаукесерлері, баспа және полиграфия ісіндегі жаңа технологиялардың таныстырылымы енген.

Көрмеге Қазақстан, Ресей, Қытай, Канада, Түркия, Тәжікстан және Өзбекстаннан баспалар, кітапханалар, полиграфиялық кәсіпорындар мен салалық қауымдастықтар қатысуда.

Қазақстан атынан Ұлттық кітапхана, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы, сондай-ақ «Алматыкітап», «Арман-ПВ», «Атамұра», «Мектеп», «Дарын», «Көкжиек-Горизонт» және «Қазақ университеті» баспалары қатысып жатыр.

Көрменің алғашқы күні «Börte – Ұлы Дала патшайымы» және Ахмет Кенесариннің «Genealogy of Sultan Sydyk» кітаптары таныстырылды. Сондай-ақ Есболат Айдабосынның «Бүкір» романының таныстырылымы өтіп, оқырмандар автормен кездесті.

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында студенттер «Шамшырақ» қойылымын сахналады.

Көрме XXV қазақстандық халықаралық «Білім және мансап – 2026» көрмесі аясында ұйымдастырылды. Ол 20 қарашаға дейін жалғасады.

Сәйкес жаңалықтар

Тарихтан сыр шерткен жәдігерлер

zamandas_kz

Бұл – халықтың рухани дамуына, кітап оқу мәдениетін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған Президентіміздің қолдауы

zamandas_kz

Қызмет көрсетудің сервистік моделі: жаңа Салық кодексінде қандай өзгерістер мен цифрлық қолайлылықтар қарастырылған

zamandas_kz