Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениет

Астанада «Мюзикл әлеміне саяхат» атты музыкалық кеш өтті

«Astana Musical» мемлекеттік театры көрерменге «Мюзикл әлеміне саяхат» атты бағдарлама ұсынды. Кеште отандық және шетелдік танымал музыкалық қойылымдардан үзінді көрсетілді.

Музыкалық кеште көпшілік «Достар серті», «Роза Бағланова», «Алдар көсе» қойылымдарынан, әлемге әйгілі «Mamma Mia», «Moulin Rouge», «Romeo and Juliet», «Beauty and the Beast», «Notre Dame de Paris», «Aladdin», «Hamilton» және өзге де мюзиклдерден үзіндіні тамашалады.

Театр әртістері әндерді жанды дауыста орындап, би мен актерлік шеберлік арқылы әр қойылымның өзіндік сипатын аша білді. Кеш заманауи музыкалық театрдағы жанрлар мен орындау мәнерінің алуан түрлілігін көрсетті.

Бағдарлама режиссері – Айдар Ақыпбаев. Театрдың көркемдік жетекшісі – Есләм Нұртазин.

Қазақ және әлем сахнасындағы үздік мюзиклдер ұсынылған бағдарлама көрерменге жанрдың ерекшелігін тереңірек тануға мүмкіндік берді.

Сәйкес жаңалықтар

Елордалық балуан қыз әлемдік бәсекеде қола медаль жеңіп алды

zamandas_kz

Президент Шымкент қаласының әкімін қабылдады

zamandas_kz

Корей театрында Бауыржан Момышұлы туралы жаңа спектакльдің премьерасы өтті

zamandas_kz