«Лудоманияның салдары, себептері мен симптомдары» тақырыбында кездесу өтті

0
279

Қараша айының 2 күні  күні Алматы қаласында, Алматы техника құрылыс колледжінің студенттері арасында «Лудоманияның салдары, себептері мен симптомдары» атты семинар-тренинг өтті.

          Тренингті Жастар саясаты басқармасының «Салауатты өмір сүру» жобасы аясында  «Social project management орталығы» қоғамдық қоры  ұйымдастырды.  Семинар спикері: психолог, психотерапевт, Қазақ психология қоғамының мүшесі Амангелді Мейрамбекұлы.

          Құмар ойын — экономикалық қатынастарға қол сұғады, қылмыстық ортаның көбеюіне ықпал етеді. Заңсыз құмар ойындарының қауіпті салдарының бірі — психикалық тәуелділік. Жалпы құмар ойыншы немесе ойын-сауыққа берілген адам — лудомания қоғамдық мораль мен денсаулыққа, отбасылық құндылықтарға, дәстүрге қауіп төндіреді.

Құмар ойынға тәуелді адамның жауапкершілігі төмен болады. Өзі үшін, отбасы үшін жауапты екені естен шығып, ойынның соңынан кетеді. Ғалымдар стататистикалық мәліметтерде отбасылардың ажырасуына лудоманияның себебі бар екенін айтқан.

          Жастар арасында белең алған бұл аурудың жолын кесіп, тосқауыл қою керек. Уақытылы әрекет жасалмаса елімізде ойынқұмарлардың саны 2 есе көбейіп, жұмыссыз, мақсатсыз жастардың саны артады. Осы бағыттағы семинарларды жастар арасында жиі ұйымдастыру басты міндет.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ