Транзит – тұрақтылық пен тәуекел

0
251

Ортақ кеңістіктегі елдер арасында экономикалық байланыстарды нығайтудың негізгі факторларының бірі, тауарларды әлемдік нарықтарға экспорттаудың маңызды өткізгіші тиімді логистикалық инфрақұрылым екендігі белгілі. Осыған сәйкес Қазақстан бес ірі трансшекаралық хабтың көмегімен халықаралық сауданы дамытпақ.

Жаһандық үдерістер көрсетіп отыр­ған­дай, заманауи, ыңғайлы логис­ти­­калық инфрақұрылым елдердің индус­триялық дам­уында ерекше рөл атқа­рады. Ше­кара маңындағы хаб­­тар желісі республика арқылы өте­тін транзиттік көлік дәліздерін, оның ішінде Транскаспий халық­ара­лық бағытын дамытуға ық­пал етіп, кәсіп­орындарымыздың экс­порт­тық әлеуетін арттыруға сеп­тігін тигізеді. Шекара маңында инфра­құ­рылымдық кешен­дер­ді дамыту жоба­лар­дың өнеркәсіптік коопе­рациясын іске асыруға жағдай жасайды. Бұл жеткізу тізбегіндегі қаты­сушылар санын қыс­қар­туға, түп­кілікті тұтынушы үшін өнім­нің құнын төмендетуге және жеткізу жылдам­ды­ғын арттыруға мүмкіндік береді. Ірі сауда-логистикалық орта­лық­тар­ды құру екіжақты сауда-эконо­ми­ка­лық қатынастардың дамуына қар­қын қосып, іргелес мемлекеттердің өн­діру­шілері мен кәсіпкерлері арасын­да­ғы іскерлік байланыстарды жандандырады, олардың арасындағы өзара тауар айналымының ұлғаюын ынталандырады.

Осылайша, көрші мемлекеттермен сауданы кеңейту үшін Қазақстан 2026 жылға қарай өз шекараларының периметрі бойынша бес хаб салмақ. Ірі сауда-логистикалық орталықтар елі­­міздің Ресей, Қытай, Түрік­менстан, Өзбекстан және Қыр­ғыз­стан­­­мен шек­те­сетін шекараларында орна­ласады.

Сауда және интеграция министр­лі­гінің мәліметі бойынша, Жамбыл облысында Қырғызстанмен шекарада индустриялық сауда-логистикалық кешен құрылады. Түркістан облысында Өзбекстанмен шекарада ‒ «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы бой көтереді. Ал Батыс Қазақстан облысында Ресеймен шекарада «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығын салу жоспарлануда. Маңғыстау облысында «Каспий торабы» контейнерлік хабы пайда болса, Қытаймен шекарада «Қорғас торабы» шекара кешені тұрғызылады. Орталықтар Қазақстан арқылы өтетін Шы­ғысты Батыспен, Сол­түстік­ті Оң­түс­тікпен байланысты­ра­тын эко­но­микалық дәліздер мен транс­­ше­каралық тораптардың мүмкін­дік­те­рін барынша пайдалану үшін іске асырылып жатыр.

Сауда-логистикалық хабтардың қыз­меті қоймалау, сақтау, қайта өңдеу, жаңа тауарлар өндіру саласындағы өн­дірістік кооперацияны қамтамасыз етуге және оларды халықаралық та­уар өткізгіш жүйелерге шоғырландыра отырып, одан әрі сатуға бағытталмақ. Сондай-ақ онда қысқа мерзімді сақтау, логистика, сауда орындарын жалға алу, сату алдындағы дайындық, тауар­ларды көтерме партиялар, тиеу-түсіру және трансконтиненталдық жүк тасы­­малдарын дамыту бойынша шо­ғыр­лан­дыру және қайта бөлу қыз­меттері ұсынылады.

Қазақ-өзбек шекарасындағы «Ор­талық Азия» халықаралық өнер­кә­­сіптік кооперация орталығы шикі­зат­ты терең өңдеумен айналысады және жоғары қайта бөлумен қо­сым­ша құн қалыптастырады. Эко­но­­микалық дәліз шеңберінде жүк ағын­да­рын шоғыр­ландыру, өңдеу және дистрибуция­лау жүзеге асады, сон­дай-ақ өндірістік кооперацияның өңір­дегі ең ірі орталығына айналады. Қазіргі уақытта Түркістан облысының әкімдігі халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығына (ХШЫО) 200 гектар жер телімін бөліп, жобаның қазығы қағылды.

Эко­но­­микалық дәліз шеңберінде жүк ағын­да­рын шоғыр­ландыру, өңдеу және дистрибуция­лау жүзеге асады, сон­дай-ақ өндірістік кооперацияның өңір­дегі ең ірі орталығына айналады

Қырғызстанмен шекарадағы бір­лескен индустриялық сауда-логис­ти­калық кешені «Қарасу» және «Ақ тілек» өткізу пункттерінде салынады. Бұл үшін Жамбыл облысының әкімдігі ауданы 39 гектар жер учаскесін бөлген. Кешен аумағында агроөнеркәсіптік өнім сақталады және өңделеді. Бұдан басқа, ЕАЭО халықаралық тауар өткізу желілері жүйесінде өнеркәсіптік кооперация жұмыс істемек. Логистикалық нысандар салынып, халықаралық та­уар өткізгіш желілер жүйесіне одан әрі интеграциялана отырып, қызметтер құрылады. Өнеркәсіптік кооперациядан басқа, ИТЛК өнімді сақтау және сату алдындағы дайындау (калибрлеу, сұрыптау, буып-түю және сертификаттау), тауарларды көтерме партиялар, тиеу және түсіру, сыртқы сауда операциялары бойынша құжаттаманы ресімдеу бойынша шоғырландыру және қайта бөлу қызметтерін жүргізеді.

Батыс Қазақстан облысында 2023-2025 жылдары Ресей мен Шығыс Еуропа нарықтарына бағытталған «Еуразия» сауда-индустриялық орталығы салынады. Аймақтың өзінде экономиканың түрлі салаларында 40-қа жуық жоба орналастырылады, онда 3 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу көзделген. Бұл жергілікті сауда орталығы форматында емес, трансшекаралық хаб ретінде қарастырылған жоба болғандықтан, ол кәсіпорындардың және Қазақстанның басқа өңірлерінің экспорттық әлеуетін қамтиды.

Маңғыстау облысында салынатын «Каспий» халықаралық сауда-логистикалық орталығы трансконтиненталды жүк тасымалын дамытуға және «Шығыс – Батыс» бағытындағы транзитті ұлғайтуға арналған. Жоба аясында «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы базасында жұ­мыс істеп тұрған «Құрық» мультимодальды паром кешені аумағында өңіраралық сауда мен логистикалық қызметтер көрсету кластерлерін ке­шен­ді дамыту жоспарланып отыр. Сондай-ақ түрлі өңірлік өнімдер өнді­рісі қалыптастырылады. Бұдан басқа, өңірге логистика саласындағы ірі ха­лықаралық ойыншыларды тарту, сауданы, өндірістік кооперацияны, логис­ти­калық сервисті және экспортты дамыту күтілуде.

Шығыста түзілетін «Қорғас» торабы саудаға, тауарларды сақтауға, өнді­ріске, туризмге, түрлі логистикалық және басқа да қызметтерді көрсетуге ма­манданады.

Қазіргі жағдайда жаһандық жеткізу логистикасы Қазақстан экономикасы үшін перспективалы бағыт екендігін Еуразиялық даму банкі де нақты болжап отыр. ЕАДБ макроэкономикалық талдауында өткен жылы әлемдік экономикада үш басты тенденция: да­мы­ған елдерде инфляцияның, па­йыз­дық мөлшерлемелердің тез өсуі және экономикалық белсенділіктің төмендеуі орын алғаны айтылады. Бұл құбылыстардың алғашқы екеуі да­мыған елдердегі инфляция қар­қы­нының тө­мен­деуіне, жаһандық логистикалық тізбектердің тұрақты жұмысын қалпына келтіруге және ірі орталық банктің саясатын жеңілдетуге байла­нысты аяқталуға жақын. Банк әлемдегі экономикалық өзара әрекет­тес­тіктің құлдырауының салдары 2023 жылдың екінші жартысында бір­тіндеп бейтараптандырылуы мүмкін екенін жеткізді. Бірақ белгісіздік пен тәуекелдер жоғарылауда. Осы ретте банк талдауында: «Қазақстан үшін эко­номикалық перспектива ерекше қо­лайлы. Ел әлемдегі дәстүрлі энергия ресурстарын тұтынудың өсуінің бенефициарларының бірі бола алады, оның ішінде мұнай өндіру және қайта өңдеу қуаттарын кеңейту және жаһандық жеткізу логистикасын қайта құру арқылы», делінген.

Ботагөз ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ