Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Елімізде 2,5 млн адамның баспанасы жоқ

Елімізде 2,5 миллион адамның өз үйі жоқ. Құрылыс материалдары қымбат. Көпшілігі сырттан тасымалданады. Баспаналы болуға арналған жеңілдетілген бағдарлама жоқтың қасы. Бұл туралы Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев бизнес форумында айтты деп хабарлады Астана арнасы.

Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда 19 мың құрылыс компаниясы бар. Оның бүгінгі таңда тек 6 мыңы жұмыс істеп тұр.

 «Бүкіл жерде сатып алу шарттары азайып жатыр. Мүмкіншіліктер азайып жатыр. Сондықтан, қазіргі ең маңызды мәселе –  сол мұқтаж боп жүрген азаматтарымызды қаржыландыру. Несие беру. Өйткені олар жалақыдан-жалақыға дейін күн көреді. Жинауға мүмкіншілігі жоқ», – деді Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы Талғат Ерғалиев.

Сәйкес жаңалықтар

Алматыда 2023 жылдың басынан бері 22 жаңа бағыт іске қосылды

Атырау облысында ер адам өзін-өзі өртеп жіберді (ВИДЕО)

Алматыда бұрын да жер сілкінген, бүгін де сілкінді, сілкіне де береді – сейсмолог