Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Қоғам

Бүгін ауа райы қандай болады?

Фото: elements.envato.com

Қазгидромет ел аумағында 21 шілдеде болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады. 

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақаталады, жаңбыр жауады, күндіз Ақмола облысында – қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Тек республикамыздың батыс және оңтүстік-батыс бөліктерінде антициклонның әсерінен ауа райы – жауын-шашынсыз.

«Күндіз Атырау, Жамбыл облыстарында, Маңғыстау, Қарагаңды, Шығыс Қазақстан, Ұлытау, Абай облыстарының оңтүстігінде 35-38°С қатты ыстық күтіледі.

Түркістан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағаңды, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарының басым бөлігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қауіпі сақталады», – деп жазды ведомстводан.

Алматы облысының, Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Сәйкес жаңалықтар

Біліммен қатар адамгершілік құндылықтарды сіңіру – ұстаздың міндеті

Ерлан Қошанов домбыраны «харам» дейтіндерге жауап берді

Атырау облысында да төтенше жағдай жарияланды