Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалық

Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: lacrus.org

Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилия президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Луис Инасиу Лула да Силваны Бразилияның ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Президент жеделхатында Бразилия Қазақстанның Оңтүстік Америкадағы маңызды әрі сенімді серіктесі екеніне назар аударып, дәстүрлі достық рухындағы ынтымақтастықтың ауқымы кеңейіп келе жатқанын атап өтті.

Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы өзара байланыстың нығая түсетініне сенім білдіріп, Луис Инасиу Лула да Силваның аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, барша Бразилия халқына құт-береке тіледі.

Сәйкес жаңалықтар

Амал мерекесі неге батыста ғана тойланады?

21 сәуір – Құрлық әскерлерінің құрылған күні

«Qatar Airways» Қазақстанға әуе рейстерін ашады