Кәмелетке толмаған көрші қыздарды зорлап келген

0
183
фото: дереккөз

Павлодар облысында бір ғимаратта 10 жылдан астам көрші тұрған отбасының 16 жастағы жасөспірім ұлы кәмелетке толмаған әпкелі-сіңлілі екі қызды зорлаған. Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлады.

Екібастұз қаласының 16 жастағы тұрғыны алғашқы қылмысын 2019 жылдың шілде айында өз пәтерінде жасаған. Ол 13 жастағы көрші қызды зорлаған. Ұлдың қыспағынан қорыққан мектеп оқушысы анасына ештеңе айтпай, 8 жасар сіңлісіне жеткізген.

Бір жылдан кейін жазғы каникулда анасы үлкен қызымен Өскеменге емделуге кеткен. Сол кезде әжесінің жанында қалған кенже қызға осы кезеңде зорлық жасалған, – деді облыстық СМУ-дің судьясы Құдабай Сұлтанов.

Сотта белгілі болғандай, жігіт өзінің кіші көршісін бірнеше рет зорлаған. Кейін мектеп оқушысы басынан кешкендерін туысқанына айтқан. Қыздардың анасы болған жайды сол туысқанынан біліп, полицияға хабарласқан.

Қылмыстық іс облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Жасөспірім қамауға алынды. Сот 1 жылға жуық уақытқа созылды.

Нәтижесінде жігіттің ісі екі қылмыстық бап бойынша – кәмелетке толмаған жәбірленушілердің дәрменсіз жағдайын пайдаланып зорлау және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша қаралды. Істің мән-жайын жария ету мүмкін болмағандықтан, ол жабық сот отырысында қаралды.

Жігіт сотта өз кінәсін мойындамады. Қылмыс жасаған кезде сотталушы жасөспірім болғандықтан, сот екібастұздық азаматты Қылмыстық кодекстің 120-бабының 4-бөлігі бойынша 7 жыл 6 айға, ал 121-баптың 4-бөлігі бойынша дәл осы мөлшерде бас бостандығынан айырды. Соңғы үкім – 8 жылға бас бостандығынан айыру болды.

Сонымен қатар, сотталушы зардап шеккен қыздардың әрқайсысына 2,5 миллион теңгеден моральдық шығын төлеуге тиіс.

Одан бөлек, жігіт 2 жылға педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз