Аалдыңғы сынақтан сабақ алып сақтану керегін естен шығармау керек болар

0
12
 фото Мәжіліс
Депутат осы мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевқа депутаттық сауал жолдады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2030 жылға дейін суармалы жер көлемін 3 млн гектарға шейін ұлғайтуды тапсырып, осыған байланысты су қоймалары мен каналдарды реттеуді, су көздерін табуды әрі су пайдалануды үнемдеу технологияларын енгізуді міндеттеген еді. Бұл бағытта арнайы Жол картасы әзірленіп, министрліктердің айналдырған 20 су қоймасы салынады деп келе жатқанына 10 жылға жуықтапты. Бұл туралы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Қайрат Балабиев айтты.

“Ауыл шаруашылығы министрлігі еліміз бойынша 41 авариялық су қойма мен гидротехникалық нысандардың күрделі жөндеуден өткізіліп жатқанын, соңғы 5 жылда 15 жобаның аяқталғанын, биыл қалған 19-ын тапсыратынын айтқан болатын.- 10 жылдан бері салынбай келе жатқан не деген бітпейтін 20 су қоймасы?! Өздеріңізге белгілі, елдегі су апаттары суға бейжай қарағандықтан орын алды. Өзбекстанның «Сардоба» су қоймасы жарылғанда шекаралас аудандар зардап шекті. Алматы облысында да су қоймасы жарылып, жолдағының бәрін шайып кеткен еді. Жауапты адамдардың салғырттығынан халыққа қауіп төнеді және оның шығынын ел болып өтеп келеміз. Былтырғы алапат су тасқыны да су апаттарының алдын алуға дайын еместігімізді көрсетті. Бұған себеп – сол он жылдан бері ауызша айтылып, салынбай келе жатқан су нысандары. Апат болып, жалған ақиқат ашылмай тұрғанда алдыңғы сынақтан сабақ алып сақтану керегін естен шығармау керек болар” дейді депутат.

Оның айтуынша, су тасқыны апаттарының тағы  бір себебі – су қоймалары мен каналдардың көпшілігі жекеменшікке өтіп кеткені. Бір ғана Түркістан облысында 4 су қоймасы мен 105 канал жеке меншікте. Бұл – егін және мал шаруашылығымен айналысатын Арыс, Жетісай, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Сарыағаш, Созақ, Түлкібас  және Шардара аудандарында орналасқан жалпы ұзындығы 335 шақырымды құрайтын су арналары.

Егіс науқаны басталғанда су мәселесі ушыға түседі. Себебі осы ресурстарды егеленіп алғандар шаруаларды судан тарықтырып, әлдеқандай болады. Олармен дауласып жүргенде жаз да бітеді.

“Бүгінде Президент тапсырмасына сәйкес облыстық әкімдік тарапынан жекеменшік су иелерінің арасында шаруаларды судан тарықтырмау шаралары жүргізіліп жатыр. Бұған дейін орын алған апаттарды зерделей келе, ауыл шаруашылығына өте-мөте қажетті су қоймалары мен каналдардың ел игілігі үшін жұмыс істегені тиімді деп есептеймін. Жер емген диқандар судан тарықпауы тиіс. Себебі, ауыл шаруашылығы –  экономиканы қозғаушы күштің бірегейі.  Бұған тозығы жеткен су қоймаларын қосыңыз.  Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, құрметті Қанат Алдабергенұлы, Сізден, Түркістан облысы мен еліміз бойынша жеке меншікке өтіп кеткен су қоймалары мен каналдарды, тозығы жеткен су қоймаларын келіссөздер жүргізіп, сатып  алу арқылы немесе шаруашылықтарға дер кезінде және арзан бағада сумен қамтамасыз ету шараларын қарастыруларыңызды сұраймын, – деді Қайрат Балабиев.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз