Ақкенттегі өрт: Президент 6 адамды марапаттады

0
310

Алматы қаласындағы «Ақкент» ықшамауданында болған өрт кезінде көмек көрсеткен бір топ азамат марапатталды, деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Алматыдағы «Ақкент» ықшамауданында болған өрт кезінде адам өмірін сақтап қалуға байланысты қиын-қыстау жағдайда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін бір топ азамат марапатталды.

«Ерлігі үшін» медалімен:

1) Ахметханов Тілеужан Сапарғалиұлы – «Expo Masters» ЖШС менеджері, Алматы қаласы;

2) Гюнай Шюкрю – «Спарк Электромеханик» ЖШС электригі, Алматы қаласы;

3) Исмаилов Эльдар Александрович – «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;

4) Йерделен Халил – «GASK Construction» ЖШС автокран операторы, Алматы қаласы;

5) Мамедов Кенан Бабаұлы – «Спарк Электромеханик» ЖШС электромеханигі, Алматы қаласы;

6) Романов Вадим Анатольевич – «Frank-Asia» ЖК автокран операторы, Алматы қаласы.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ