Головкин рингке оралады: қарсыласы, гонорары белгілі болды

0
77

Геннадий Головкин шаршы алаңға оралып, пуэрторикалық Эдгар Балангамен жұдырықтасуы мүмкін.

Қазақстандық кәсіпқой боксшының болжамды қарсыласы мен жекпе-жектен алатын гонорары белгілі болды.

Геннадий Головкин пуэрторикалық Эдгар Балангамен жұдырықтасуы мүмкін. Qazaqstan телеарнасының хабарлауынша, ол қазірге дейін 21 кездесу өткізіп, оның 16-ында нокаутпен жеңіске жеткен.

Жекпе-жекте Головкин 15 миллион доллар табуға мүмкіндігі бар. Сарапшылар бокс кеші тартысты болады деп отыр.

Айта кетейік, 2023 жылғы 10 наурызда Геннадий Головкин әлем чемпионы атағынан ресми түрде бас тартқаны белгілі болды.

Эльмира АҒАБЕК

ПІКІР ҚАЛДЫРУ