Ақтау тұрғындары жер сілкінісін сезді

0
205

Каспий теңізінің аумағында 5.4 баллдық жер сілкінісі тіркелді деп хабарлады turkystan.kz. 

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметі бойынша, жерасты дүмпуінің ошағы Әзербайжанның Хачмаз облысынан солтүстік-шығысқа қарай 80 шақырым жерде, 35 шақырым тереңдікте болған.

Жер сілкінгенін сезгенін әлеуметтік желіде жергілікті Ақтау қаласының тұрғындары да жарыса жазды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ