Академик Төрегелді Шарманов дүниеден өтті

0
181
Фото: Асфендияров атындағы ҚазҰМУ

 – Қазақстан тағамтану академиясының президенті, әлемдік денсаулық сақтаудың аңызы және қазақстандық медицинаның мақтанышы, академик Төрегелді Шарманов 93 жасында өмірден озды.

«Әлеуметтік-гуманитарлық саладағы үздік жетістіктері және денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін марапатталған, Қазақстан Республикасының жоғары дәрежелі «Еңбек ері» белгісінің иегері, академик Төрегелді Шарманов өмірден өтті», — деп хабарлады С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің баспасөз қызметі.

Төрегелді Шарманұлы Республиканың Денсаулық сақтау министрлігін 12 жыл басқарып, алғашқы медициналық-санитарлық көмектің теңдесі жоқ жүйесін құрды. 1974 жылдан бастап республикадағы жетекші ғылыми ұйымдардың бірі – Қазақ тағамтану академиясының тұрақты меңгерушісі.

2005 жылы академик Шармановқа Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жоғары ерекшелік дәрежесі – Леон Бернард сыйлығы берілді, оның иегері бүкіл әлем тарихында небәрі 29 адам болған. Бұл денсаулық сақтау саласындағы Нобель сыйлығының бір түрі саналады.

«Төрегелді Шарманұлы Қазақстанның медицина қауымы арасында ғана емес, зиялы қауым, шығармашыл жастар, көптеген саясаткер, республиканың басқа да азаматтары арасында үлкен беделге ие болды. Академик Шарманов 93 жыл ішінде елге, әлемге көп еңбек сіңірді», — деп толықтырды ҚазҰМУ.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Балалар қауіпсіздігі бейнебақылаумен шектеле ме?


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213