“Алматы-1” станциясында майнинг фермасы анықталды

0
495

 

Көліктегі полиция заңсыз майнинг фермасын анықтады, – деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

“Алматы-1” станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Құндызды станциясының теміржол төсемі аумағынан майнинг жұмыстарына жабдықталған бөлмені анықтады. Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің басшысы Оңал Бекиев айтты.

Оның айтуынша, көлік полицейлері криптовалюталарды өндіруге арналған 130 қорап майнинг техникасын, сондай-ақ қатты дискілер мен жабдықтың қосалқы бөлшектерін тауып, тәркілеген.

“Факт бойынша соталды тергеу басталды, қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр”, – деді полиция генерал-майоры.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ