Алматы облысында жол салу кезінде 37 млн теңгеге залал келтірілген

0
111
Фото: ашық дереккөз

Алматы облысы Кербұлақ ауданында жол салу кезінде заң бұзушылықтар анықталып, күдікті ұсталды.

Жетісу облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары «Алматы облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысының бұрынғы орынбасарын ұстады. Ол  лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен УҰИ-на қамауға алынды.

Ол Кербұлақ ауданы Малайсары ауылының кіреберіс автожолында жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде өзінің қызметтік жағдайын теріс пайдаланды деп айыпталып жатыр.

Мемлекетке 37 млн. теңгеден астам сомаға елеулі материалдық залал келтірілді, – деп хабарлады Жетісу облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары.

Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағымен (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану)  сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің қалған деректері жария етуге жатпайды.

Тергеу әлі болып жатыр.

Д.ЖҰМАБЕКҰЛЫ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ