Алматыда ақылы тұрақтар автоматтандырылады

0
258
Фото: kolesa.kz.

Ақылы коммуналдық автотұрақтарда уақытты есепке алу мен бос орындар санын көрсету үшін бейнекамералар мен электронды құрылғыларды орнату ұсынылды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бұған қоса, кіріп-шығуды бақылаудың кедергісіз жүйесін енгізу жоспарға енген. Бұл автотұрақта шлагбаум болмайды, яғни кіріп-шығу жылдам әрі кезек азаяды дегенді білдіреді. Жүйе автокөліктерді автоматты түрде тіркеуге мүмкіндік береді және төлемеген жағдайда айыппұл салады.

Тұрақ ақысын QR код арқылы төлеуге болады. Бұл бюджет қаражатын үнемдейді және қолма-қол ақшасыз есеп айырысуда өте ыңғайлы. Ақылы автотұрақтардың шекарасы көк түсті жол таңбасымен сызылады.

Бұл өзгерістерді ақылы автотұрақтарды ұйымдастыру ережесіне енгізу ұсынылып отыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ