Алматыда қандай көшелер ұзартылатыны айтылды

0
26

Алматы Мәслихатының отырысында мегаполистің үш жылдық бюджетінің жобасы қаралатын болады. Қала Мәслихатының баспасөз қызметі қандай инфрақұрылымдық жобаларға қаражат бөлу көзделіп отырғанын хабарлады.

Мәселен, 2025 жылы Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесінің қиылысында және Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейінгі Саин көшесінің, сондай-ақ Абай даңғылының қала шекарасына дейінгі қиылысының құрылысын аяқтау жоспарланған

Келесі жылдың шілде айында Саин көшесін Рысқұлов даңғылынан Ақын Сара көшесіне дейін жалпы ұзындығы 3,2 км ұзарту аяқталады, соның арқасында Момышұлы көшесінен көлік жүктемесінің 40% – ға төмендеуі күтілуде.

Сондай-ақ мамыр айында Абай даңғылының Б.Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейінгі аралығы пайдалануға беріледі. Ұзартудың жалпы ұзындығы 5,3 км құрайды, екі жағында алты жолақты жол, веложолдар мен тротуарлар бар.

Маусым айында Жансүгіров көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысындағы жолайрығының іргелес аумағы абаттандырылып, құрылысты толық аяқтау жоспарлануда.

Жоба Сейфуллин даңғылында көліктің үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 690 метр болатын 2 тоннель салуды көздейді. Жансүгіров көшесі бойынша көлік құралдарының өтуі жер деңгейінде жүзеге асырылатын болады. Сондай-ақ 4 жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі, тротуарлар және көгалдандыру қарастырылған.

Бүгінгі таңда барлық съездерге асфальтбетон жабыны төселді, бір жер үсті жаяу жүргіншілер өткелі салынды, кәріз және байланыс желілерін қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Сейфуллин даңғылындағы «Батыс» және «Шығыс» тоннельдеріне асфальтбетон төсеу жұмыстары аяқталды.

Айта кету керек, жолайрығы пайдалануға берілген кезде Жансүгіров көшесі бойынша өткізу қабілеті 15% – ға, Сейфуллин даңғылы бойынша 20% – ға артады деп күтілуде.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ