Алматыда автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасалды

0
169
Фото: Александр Павский/Kazinform

 – Қалалық Полиция департаменті автобус жүргізушісіне пышақпен шабуыл жасаған күдіктіні тұтқындап, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, жолаушы мен жүргізуші арасында жанжал шығып, нәтижесінде автобус жүргізушісі жараланған.

«Суық қару қолданылған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамдар арасында ауызша жанжал болған, содан кейін қатысушылардың бірі пышақ қолданған. Қылмыс құралы тәркіленді», — деп хабарлайды Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз