Алматыда бәйгеден Қазақстан чемпионатының іріктеу кезеңі өтеді

0
17
Фото: Алматы қаласы Спорт басқармасы

 – 11 мамыр күні сағат 12:00-де Алматы ипподромында республикалық жарыстың финалына жолдама сарапқа салынады.

Жарысқа еліміздің үздік шабандоздары қатыспақ. Сайыс «Құнан бәйге», «Топ бәйге», «Аламан бәйге» және «Жорға Жарыс» атты бәйгенің 4 түрі бойынша өтеді. Сонымен қатар спорттық сайыс аясында әйелдер арасында «Ұлттық сезім» атты ұлттық киімдер байқауы өтеді. Бұл – қыздарға ұлттық киіммен өзін көрсету арқылы өз стилі мен сұлулығын көрсетуге тамаша мүмкіндік.

Айта кеткен жөн, бәйгеден Қазақстан чемпионатында үздік атанған шабандоздар 2024 жылдың 8-14 қыркүйегі аралығында Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысады. Жарысқа әлемнің 100-ден астам елінен 3000-ға жуық қатысушы келеді деп жоспарланған. Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар, жекпе-жектен жарыстар, дәстүрлі садақ ату, құс салудың ұлттық түрлері, ат үстіндегі сайыстар, халық ойындары, сондай-ақ этникалық спорт түрлерінен көрсетілім қойылымдары өтеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ