Алматыда бұрын да жер сілкінген, бүгін де сілкінді, сілкіне де береді – сейсмолог

0
295
Фото: ҚР ТЖМ

. – Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев мамандардың Алматыдағы жер сілкінісі туралы болжамдары неге сәйкес келмейді деген сұраққа жауап берді.

«Айта кететін жәйт. Біздегі комиссия мен оның беретін қорытындысы қуатты әрі жойқын жер сілікіністеріне арналған. Ең бірінші осыны ескеру керек. Бір жыл ішінде Алматы қаласы, Алматы облысында жылына 600-ге дейін сейсмикалық жағдайларды тіркейміз. Оның шамамен жылына 10-15 қана сезіледі», – дейді ол.

Сонымен қатар, сейсмолог комиссия орта мерзім деңгейінде қысқа мерзімді жағдайда бір апталық, ұзақ мерзімді жағдайда бір жылға болжам жасайтынын жеткізді.

«Біздің комиссияның жасаған болжамы орындалмайды деудің өзі дұрыс емес. Біз сейсмикалық жағынан қауіпті аймақта тұрамыз. Алматы ғана емес, Алматы облысы, Жетісу, Жамбыл облысы да, көршілес Қытай, Қырғызстан да сейсмикалық тұрғыда қауіпті аймаққа жатады. Біздің аймақта жер сілкінген, сілкінді, сілкіне де береді. Сейсмикалық жағдайлар тіркеле береді, – дейді Дәулет Сәрсенбаев.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз