Алматыда «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» республикалық семинары өтті
Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» атты республикалық семинарын ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты – ономастика саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және осы саладағы өңірлердің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Күн тәртібінде Ономастика саласын орталықтандыру бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, өзектендірілген «Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдерін, өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Әдістемелікұсынымдар, өңірлердегі ономастикалық ахуал секілді мәселелер қаралды.
Семинар жұмысына ҚР Парламенті депутаттары, ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рұстам Али, Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, белгілі ғалымдар, өңірлердегі ономастика саласын басқарып отырған басқарма басшылары қатысты.