Алматыда «Мечта» тұрғын үй кешенін бұзу басталды

0
140
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматы қаласының Обсерватория көшесі, 104/4 үй мекенжайында орналасқан «Мечта» тұрғын үй кешенін бұзу басталды. Бұл туралы Қала құрылысын бақылау басқармасы хабарлады.

Аталған мәселе бойынша сот 2022 жылдан бері жалғасып келеді. Құрылыс кезінде көптеген заңбұзушылықтар, оның ішінде рұқсат құжаттарының болмауы және жобадан ауытқулар анықталған.

Тұрғын үй кешені жеке тұрғын үйді пайдалануға арналған жер учаскесінде салынған, бірақ құрылыс салушы пәтерді тұрғын үй кешені ретінде ұсына отырып, сатуды жоспарлаған. Тексеру жүргізілгеннен және орындалмаған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін бұзу туралы талап арыз берілді.

Алматы қалалық сотының шешімімен бұзу талабы қанағаттандырылды, ал Жоғарғы Сот бұл шешімді растады.

«Мечта» ТК бұрын заңбұзушылықтарға байланысты сатып алу үшін жарамсыз деп танылды. Ол заңнама талаптары мен құрылыс нормаларын бұза отырып салынған 54 таулы аймақ нысандарының жарияланған тізіміне енген.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ