Алматылық полицейлер автобустарды тексеріп жатыр

0
195
Фото: Алматы әкімдігі

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда 22 қаңтардан бастап «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр.

Шара аясында қоғамдық көліктердің техникалық жағдайы мен жолаушылар тасымалымен айналысатын кәсіпорындардың жұмысы тексерілді.

«Осылайша біз автокөлікпен жолаушылар мен жүк тасымалдайтын жүргізушілердің көліктік және еңбек тәртібін арттыру, техникалық ақауы бар немесе қайта жабдықталған жолаушылар көлігінің жұмыс істеуіне жол бермеу, сондай-ақ заңсыз жолаушылар тасымалының жолын кесу мақсатын көздеп отырмыз. Бұл жұмысқа мүдделі мемлекеттік орган өкілдері мен азаматтық қоғам да барынша атсалысып жатыр», – деді Алматы қалалық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Асхат Құлбаев.

Полицейлер сондай-ақ жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдық көліктердің қатысуымен болатын жол апаттарын алдын алу жұмысын ұйымдастыру бойынша автопарк басшыларымен жұмыс кеңесін өткізді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ