Қызылордада оқушы жасанды интеллектіні қазақша сөйлетті

0
144
Фото: aqmeshit-zhastary.kz
Бұйрық берсеңіз, сурет салады, дыбыстама жасайды. Кез келген мәтінді жазып, есеп шығарады

Қызылорда қаласының 16 жастағы оқушысы Асылжан Абдуллаев жасанды интеллектіні қазақша сөйлетті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Бұл жобаны өнертапқыш жасөспірім QazaqGPT деп атады.

Оқушының айтуынша, жоба OAI архитектурасы негізінде жасалған.

Бұйрық берсеңіз, сурет салады, дыбыстама жасайды. Кез келген мәтінді жазып, есеп шығарады. Оның жобасы америкалық прототиптерге қарағанда ауқымды. Қазір менің білуімше, QazaqGPT-ті 2 мыңнан аса адам пайдаланған. Арнайы қосымшаны наурыз айына дейін іске асырамыз. Себебі серверлер жоғалып кетпейді. Америкада өтетін байқауға өтінім жібердік. Іріктеу сынынан өтіп, жартылай финалға жолдама алдық, – деді ол.

Бозбала жасанды интеллектіні бірден қазақша сөйлеткен жоқ. Ол Нұрлан Құлмырза, Сәбит Ибадулла, Темірлан Әбжанов секілді ұстаздарынан кеңес алған.

Тағы бір атап өтерлігі, Асылжан Абдуллаев Hackathon, Innofest байқауына қатысып, өзін дәлелдеп, Astana IT университетінің білім грантын ұтып алған. Ол халықаралық Enactus ұйымының базасына барып, америкалық сарапшылар алдында жобасын сәтті қорғап шығыпты.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ