Алматылықтар шет тілдерін тегін үйрене алады

0
57
фото: Алматы әкімдігі

Алматы саябақтарында қала тұрғындары үшін шет тілдерін тегін үйрететін курстар ұйымдастырылды, 

Алматыда ашық аспан астында қазақ және шет тілдерін оқыту бойынша тегін курс ұйымдастыруға бағытталған «Тілдер саябағы» қалалық әлеуметтік жобасы ашылды. Жоба қаланың жастар саясаты басқармасының, Алматы әкімдігі жобалық кеңсесінің және қала еріктілерінің фронт кеңсесінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр, деп мәлімдеді Алматы әкімдігі.

«Тілдер саябағы» лингвистикалық жобасы қаланың ірі саябақтарында ашық аспан астында оқытылады, мегаполистің барлық 8 ауданын қамтиды. Қазір онда қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай және корей тілдерінен курстар бар. Сабақтар аптасына 3 рет өткізіледі. 6 жастан 60 жасқа дейінгі барлық ниет білдіруші қатыса алады. Жоба аяқталған соң қатысушыларға тілді меңгеру деңгейін растайтын сертификат беріледі. Алдағы уақытта жобаны ұйымдастырушылар басқа да шет тілдерін қосуды жоспарлап отыр, – деп толықтырды ведомство.

«Тілдер саябағы» қыркүйектің соңына дейін екі ай бойы жұмыс істейді. Жобаның ең белсенді қатысушылары үшін күзгі-қысқы уақытта ауданның комьюнити орталықтары базасында оқу жалғасады. Осылайша, жоба Алматы тұрғындарын жыл бойы оқытады.

Айта кетейік, жыл сайын қалада жастарға арналған 1000-нан астам тегін курс, экологиялық, мәдени және спорттық іс-шара өткізіледі. Бұл жобаның барлығы жастарды мегаполистің қоғамдық өміріне тартуға, жеке дамуға және бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған.

«Тілдер саябағы» аясында сабақтар барлық ауданда бір мезгілде өтеді. Курстың кестесін мына сілтеме бойынша көруге болады. Толық ақпаратты Алматы еріктілерінің фронт кеңсесі (+7 747 821 6478) ұсынады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ