Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты үшінші қылмыстық іс сотқа жетті

0
213
Фото: Halyq Uni
Судья екі істі біріктіру туралы шешім қабылдады

Астанада 8 жылға сотталған бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тағы бір қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

«АЛТЫН АДАМ» ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ДАУ

Арыстанбек Мұхамедиұлы 2023 жылдың 20 маусымында 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мұхамедиұлының орынбасары Алмаз Нұрасхан 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Exponat ЖШС директоры Азамат Көшенов 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағында және 28-баптың 5-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға сотталды.

Exponat ЖШС бас бухгалтері Айым Садуақасова 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағында және 28-баптың 5-бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

«ДИПЛОМАТ» ҚОНАҚҮЙІН ТАРТЫП АЛУ ІСІ

2023 жылдың қыркүйегінде Арыстанбек Мұхамедиұлы елордадағы «Дипломат» қонақүйін рейдерлік жолмен алды деген күдікпен қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды.

Арыстанбек Мұхамедиұлы қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі – 249-бабы 1-бөлігі (рейдерлік әрекетке оқталу), 28-бабы 3-бөлігі – 250-бабы 1-бөлігі (өкілетін теріс пайдалану арқылы қылмыстық құқық бұзушылықты ұйымдастыру) бойынша айыпталып отыр. Қылмыстық іс бойынша тағы бір айыпталушы бар. Гүлзат Жуаспаева қылмыстық кодекстің 385-бабы 3-бөлігі (жалған құжат, мөр, бланкіні қолдан жасау арқылы көрінеу жалған құжатты пайдалану), 250-бабы 1-бөлігі (өкілетін теріс пайдалану) бойынша айыпталып отыр.

Тергеу мәліметіне сәйкес, 2019 жылы Арыстанбек Мұхамедиұлына елордадағы «Дипломат» қонақүйінің иесі, кәсіпкер К. жүгінген. Экс-министр оған 2,5 млрд теңге беруге келісіп, оның орнына қонақүйдің жарғылық капиталының 71%-ын енесінің атына жазып беруді ұсынған. Осылайша ол қонақүйді толық иемденіп алмақ болған.

ЕКІ ІСТІ БІРІКТІРДІ

11 желтоқсанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Әбинұр Қарабаевтың қаулысымын екі іс біріктірілді.

Ұлттық музейге қатысты істе Арыстанбек Мұхамедиұлына қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі – 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы («сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу әрекетін жасауды ұйымдастыру немесе оның орындалуына басшылық ету»), 28-бабы 3-бөлігі – 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 28-бабы 3-бөлігі – 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы («лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану») бойынша айып тағылған.

Алмас Нұразханға қылмыстық кодекстің 28-бабы 2-бөлігі – 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы;

Абай Сатыбалдинге 28-бабы 2-бөлігі – 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағы;

Леонид Кочетовқа қылмыстық кодекстің 28-бабы 2-бөлігі – 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы;

Азамат Көшеноке қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі – 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы;

Айым Садвакасоваға қылмыстық кодекстің 28-бабы 5-бөлігі – 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша айып тағылған.

Алдын ала сот тыңдауы өткен жаңа іс бойынша 2017, 2018 және 2019 жылдардағы «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» көрмесіне қатысты эпизодта жымқыру әрекеті бойыша айып тағылған. Жалпы сома – 1,5 млрд теңге, — деді сотталушы Кочетовтың адвокаты Айгүл Ысмағұлова.

Істі судья Әбинұр Қарабаев қарап жатыр. Мемлекеттік айыптаушы – Олжас Хайруллаев.

Сот отырысы барысында сотталушылар мен олардың адвокаттары айыптау актісімен танысу үшін уақыт сұрады.

Олар айыптау актісін 19 желтоқсанда алғанын, қылмыстық-процестік кодекстің 355-бабын алға тартты. Бұл бапта сот процесінің айыптау хаттамасының көшірмелері табыс етілген күннен бастап үш тәуліктен ерте басталмайтыны көрсетілген.

Осылайша сот отырысы айыптау актісімен танысу уақытында кейінге қалдырылды

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз