Астанада Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтеді

0
244
Фото: Halyq Uni

Астанада 13 қыркүйекте Димаш Құдайберген жеке концерт өткізеді. Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасына жазды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Әлемге әйгілі әншінің кеші 8-14 қыркүйек аралығында өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұйымдастырылады.

Дүние жүзінің 100 ден астам мемлекетінен түрлі сайыстарға қатысу үшін 4 мыңнан астам спортшылар келеді деп күтіледі. Осы әдемі мереке аясында Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен , «ДимашАли» шығармашылық орталығының ұйымдастыруымен «Астана аренада» менің «Stranger» атты жеке концертім өтеді, – деп жазды Димаш.

Билеттер сатылымына қатысты ақпарат жақын күндері беріледі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ