Астанада мектеп жәрмеңкелері қайда және қашан өтеді

0
92

1-31 тамыз аралығында елорда бойынша бірнеше жерде мектеп жәрмеңкелері жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Мектеп жәрмеңкесі 1-31 тамыз аралығында өтеді. Мұнда кеңсе тауарлары мен мектеп формасын қолайлы бағамен сатып алуға болады, онда дүкендердегі бағадан төмен болады. Жәрмеңке бүкіл қалада жұмыс істейді.

Жәрмеңкелер келесі орындарда өтеді:

– «Аймақтау» СҮ 1 тамыздан 5 қыркүйекке дейін, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

– «Тұлпар» СҮ 1 тамыздан 5 қыркүйекке дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін.

– «Magnum» супермаркеті (Тұран даңғылы, 55Д) 3 тамыздан 1 қыркүйекке дейін тәулік бойы жұмыс істейді.

– «Анвар» супермаркеті (Тұран даңғылы, 45) 3 тамыздан 1 қыркүйекке дейін, жұмыс уақыты сағат 9.00-ден 22.00-ге дейін.

– «Тұмар» СҮ (Сығанақ көшесі, 1Б) 1 тамыздан 15 қыркүйекке дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін.

– «Сарыарқа» СОО (Тұран даңғылы, 24) 15 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін.

– «Рахмет» СО 5 тамыздан 31 тамызға дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін.

– «Джафар» СО 5 тамыздан 31 тамызға дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін.

– «Көктал» СОО 5 тамыздан 31 тамызға дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін.

– «Әсем» СОО 5 тамыздан 31 тамызға дейін, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін.

– «Astana Mall» СОО 3, 4, 10, 11, 17, 18, 24, 25, 31 тамыз күндері, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін.

– «Аружан» СОО 3, 4, 10, 11, 17, 18, 24, 25, 31 тамыз күндері, жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін.

Естеріңізге сала кетейік, 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында Астанада жетім балаларға, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету үшін ұйымдастырылатын «Мектепке жол» акциясы басталады.

Оның мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларға көмек көрсету. Оған демеушілер мен бей-жай қарамайтын азаматтар белсенді қатысады. Барлығы 8 500-ден астам баланы қамту жоспарланып отыр.

Егер отбасы аталған санаттарға жататын болса, онда балалардың ата-аналары мектепке барып, растайтын құжаттарды ұсынуы керек.

Қазіргі уақытта мектептердің әлеуметтік педагогтары білім алушылардың жаңа жиынтығын ескере отырып, мұқтаж балалардың тізімін қалыптастыруда. Жалпыға бірдей білім беру қоры шеңберінде әлеуметтік осал санаттағы 14 500 баланы қамту жоспарлануда.

2024-2025 оқу жылында материалдық көмектің мөлшері бір балаға 43 407 теңгені құрайды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз