Астанада шахматтан әлем чемпионатының ашылуы қалай өтеді

0
63

Астанада 1 тамыз күні FIDE World Rapid and Blitz Team Championships 2024 ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанаға әлемнің бірнеше дүркін чемпиондары мен ерлер мен әйелдер рейтингінің бірінші нөмірлері Магнус Карлсен мен Хоу Ифань, қазіргі әлем чемпиондары Джу Вэньцзюнь мен Дин Лижэнь келеді.

Кеш бағдарламасында:

– FIDE-нің 100 жылдығына арналған 45-ші шахмат олимпиадасының салтанатты алау эстафетасы. Амфитеатр сахнасындағы отты Магнус Карлсен мен Хуифан тұтатады.

– ORDA тобының қатысуымен қызықты шоу-бағдарлама.

– Естелік сыйлықтар. Оған қатысу үшін билет сатып алу керек. Осыдан кейін қатысушыда жаңа iPhone, AirPods, Яндекс станциясы Алиса және әлем чемпиондарының қолтаңбасы бар тақтаны ұтып алу мүмкіндігі болады.

Чемпионаттың ашылуы 1 тамыз күні Тұран көшесі, 2/6 мекенжайындағы амфитеатрда өтеді. Қатысушылар сағат 18.30-да жиналады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ