Астанада велотректен республикалық қысқы чемпионат өтті

Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде велотректен Қазақстан Республикасының алғашқы қысқы чемпионаты ұйымдастырылды. Бұл жарыс 2026 жылғы веломаусымның ресми басталуын айқындайтын маңызды спорттық іс-шара болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Чемпионатқа еліміздің әр өңірінен келген 14 командадан 100-ге жуық спортшы қатысты.
Қазақстан Республикасының Ұлттық велосипед спорты федерациясының атқарушы директоры Виталий Мазуренко жарыстың маңызын атап өтті:
«Қысқы чемпионат – жас спортшыларға тәжірибе жинауға, ал тәжірибелі шабандоздарға жаңа маусымды сенімді бастауға мүмкіндік беретін маңызды іс-шара. Қазақстан велоспорты алдағы уақытта да халықаралық ареналарда белсенді дамып, жеңістерге жетеді деп сенеміз. Бұл жарыс еліміздің велоспортының дамуына үлкен серпін береді. SportQory қорының қолдауымен біз 2026 жылғы Азиада ойындарына дайындалып жатырмыз. Жаңа маусымда барлық спортшыға сәттілік тілейміз», – деді ол.
Жарыс қорытындысы бойынша елордалық велотрекшілер жоғары нәтиже көрсетіп, жалпы саны 12 медаль иеленді. Оның ішінде 2 алтын, 4 күміс және 6 қола жүлде бар.
Мэдисон, ерлер (топтық жарыс):
1-орын – микс команда, Рамис Дінмұхаметов (Астана)
3-орын – микс команда, Сергей Кармажаков (Астана)
ГИТ – 1000 м, ерлер:
3-орын – Диас Базарбеков (Астана)
Скретч, ерлер:
2-орын – Рамис Дінмұхаметов (Астана)
3-орын – Сергей Кармажаков (Астана)
Кейрин, ерлер:
2-орын — Диас Базарбеков (Астана)
3-орын — Дмитрий Резанов (Астана)
Жеке із қуу жарысы, ерлер:
3-орын — Рамис Дінмұхаметов (Астана)
Командалық із қуу жарысы:
2-орын — Рамис Дінмұхаметов, Сергей Кармажаков (Астана)
Командалық спринт:
1-орын — Дмитрий Резанов (Астана)
2-орын — Диас Базарбеков (Астана)
Топтық ұпай жарысы, ерлер:
3-орын — Рамис Дінмұхаметов (Астана)
Айта кетейік, бұл айтулы жарыс Қазақстан Республикасының Ұлттық велосипед спорты федерациясы мен Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен, SportQory қорының қолдауымен өтті.








