«Асығыс шешім болды»: алдағы оқу жылы 25 мамырда аяқталады

0
149
көрнекі фото: ашық дереккөзден

Премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова биыл оқу жылының ұзақтығы 34 аптаға созылып, 25 мамырда аяқталғаны дұрыс деп ойлайтынын жеткізді. Бұл туралы вице-премьер Тамыз кеңесінде айтты.

Министрліктің шешімі ақталды деп санаймын, бірақ шешім асығыс қабылданды. Осыған байланысты биылғы оқу жылында 34 аптаға оралып, 25 мамырда аяқталуы дұрыс деп ойлаймын, – деді Тамара Дүйсенова.

Еске салайық, биыл Қазақстанда 1 маусымда оқушылар Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар соңғы қоңырау мерекесін атап өтті.

2022 жылдың желтоқсан айында Оқу-ағарту министрлігі «Ашық НҚА» порталына білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу мерзімі, қорытынды аттестаттау шарасының уақытын айқындау туралы бұйрық жобасын жариялады. Бұйрық жобасы бекітілсе, барлық білім ошақтарында оқу жылының мерзімі 1 қыркүйек – 31 мамыр аралығында болады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ