Атырауда алаяқтықпен айналысқан шенділер ұсталды

0
246
Фото: Halyq Uni

Атырау қаласы әкімі аппараты мен жер қатынастары, сәулет және құрылыс бөлімінің бұрынғы басшылары қамауға алынды. Олар алаяқтық және өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.

Атарау облысы прокуратурасының мәліметінше, лауазым иелеріне жер учаскелерін бөлу және олардың нысаналы мақсатын анықтау кезінде алаяқтық жасаған деген айып тағылды.

Прокуратура бұл фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы («Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық») және 361-бабы («Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану») бойынша тіркеді. Облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз