Қазақ даласы – әлем картасында

0
204

Жуырда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Филология ғылымдарының кандидаты, саясаттану докторы, «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» мемлекеттк наградасының дауреаты бас ғылыми қызметкер, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің заманауи зерттеулер институтының директоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаровтың «Тарих толқынындағы Қазақстанның үзіліссіз мемлекеттілігі, XV-XIX ғасырлардағы еуропалық және америкалық карталарындағы Қазақ мемлекеті» кітабының таныстырылымы өтті.

Ғалым бұл кітапты дайындау үшін 16 жыл зерттеу жүргізді. Еуропа мен АҚШ-тың ұлттық және корольдік кітапханаларынан, мұұражайларынан, мұрағаттарынан XV-XIX ғасырлардағы Қазақ Мемлекетінің 1500-ден астам көне карталарын тапқан.

Нидерланд, Бельгия, Англия, Франия, Италия, Германия Австрия және АҚШ-тың алдыңғы қатарлы картографиялық баспаларда Қазақ Мемлекеті туралы деректерді басып отырған.

Жиынға Парламент депутаттары, ҚР Сыртқы істер министрлігі өкілдері, ғалымдар, Ғылым және Білім министрлігі, Халықаралық ғылыми одақ өкілдері қатысты. Одан бөлек, ЖОО басшылары мен сарапшылары, зиялы қауым өкілдері бас қосып, кітап туралы пікірлерін білдірді.

Кітап авторының айтуынша, 1465 жылы Қазақ хандығы құ­рылған кезден бері мемлекет атауы Батыс елде­рінің озық картографиялық баспаларынан шыққан атлас карталарынан қалыс қалып көрмеген. Олар­дың арасында Америка Құрама Штаттары, Бельгия, Англия, Франция, Италия, Германия және басқа да мемлекеттерде басылған карталар бар. Аталған еңбекте мемлекеттігіміз анық көрсетілген және орта ғасырлардан, яғни 1562 жылдан бастап 1879 жылға дейінгі кезең қамтылған. Барлығы  130 карта енгізілген.

Кітапқа енген құнды деректердің бәрін ғалым АҚШ және Еуропа мұрағаттарынан, үздік кітапханаларынан, архивтерінен тапқан. Бельгия, Брюссель қаласында қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде жарық көрген еңбек еліміздің және әлемнің озық кітапханаларына тарту етілді.

 

 

 

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ