Ұлы тұлғаларды дәріптеуден ұтарымыз көп

0
316

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлттық идеяны қалыптастыру біздің өз тарихымызды жаңадан оқу негізінде ғана мүмкін болады. Сондықтан ұлттық идеяның формуласы ұлттық тарихта жатыр», – деген болатын

Осыдан бір ғасыр бұрын ұлт тарихында ойып тұрып орын алған, алты Алаштың арманын ұлттық идеяларымен Алаш ұранды қазақтың басын біріктіргісі келген бірден-бір үкімет – Алаш Орда. Ол қуатты мемлекеттің ұлы тарихы мен ұлттық әскері болу керектігін сол ғасырда ойластырды. Сахарадай жазық, ұлан-байтақ жерімізді сақтап қалып, ұлт ретінде династиялы өмір сүруімізге – Қазақ Ордасы жәрдемші болды десек, дербес мемлекет құрып, ұлтымыздың рухын көтеріп, саяси элита бір ортаға шоғырланып, тарих аренасына шығып, Қазақстан мемлекетінің қалыптасуына Алаш қозғалысы сүбелі үлес қосқан болар еді.

Онда Ұлт тарихы, Қазақ хандығының тарихы, Алаш Орда үкіметінің тарихы бүгінгі жаңа тұрпатты Қазақстан мемлекетінің қалыптасуына маңызды рөл атқарды. Жоғарыда айтқанымыздай мықты мемлекет болу үшін әскері қуатты, қилы заманды бастан кешкен тарихы қатпарлы, саяси элита да ұлттық партиясы мен ұлттық идеясы ұштасқан, ұлтын бір шаңырақтың астында ұлттық бірігуге ұйыстырған болуы қажет.

Қазіргі таңда «Қазақстан» ұлттық арнасының тапсырысы аясында Алаш Орда қайраткерлері жайлы телесериялдар жарық көруде. Жарық көрген сериялардың ішінде кемеңгер қоғам қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов, Қазақ әдебиетінің дамуына үлес қосқан, қаламгер және қоғамдық-әлеуметтік іске белсене араласқан қоғам қайраткері Міржақып Дулатов тағы басқа зиялы қауым өкілдері жайлы сериялдар жарық көруде. Мәні мен мазмұны жоғары бұл сериялдарға халық арасында қызығушылық танытып, жоғарғы баға берілуде. Осындай қымбат жандарды насихаттап, келер ұрпақтың санасында  Алаш Орда қайраткерлеріне деген ат ешқашан өшпейтіні белгілі.

Биыл мемлекет және қоғам қайраткері, аты аңызға айналған мәдениет ұйымдастырушысы, Үлкен террор құрбаны Темірбек Жүргеновтің туғанына 125 жыл толып отыр. Осы белгіленген күн қарсаңында 2023 жыл Жүргенов жылы болып жарияланды. Мұндай шешімді түрк әлеміндегі ЮНЕСКО деп аталып жүрген Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымы қабылдаған болатын.

Темірбек Қараұлы Қазақ АССР-іне 1933 жылы Ағарту халық комиссары боп келген.Күш-жігерін ашаршылықтан қалжыраған республикадағы мәдени револю­ция ісіне арнады. Орта Азия мемлекеттік университетінің (САГУ-дің) қатардағы студенті шағынан атқарған түрлі мем­лекеттік істерде шыңдалып, 1929 жылдан Тәжік КСР-інде, 1930 жылдан Өзбек КСР-інде үкімет мүшесі – халық комиссары болды. 1923 жылы Қазақ АССР-інің Түркістан АССР-індегі толық өкілетті өкілі қызметіне тағайындалған. Орта Азияда 1924 жылы жүргізілген ұлттық-мемлекеттік жіктеп межелеу науқанында «Еңбекші қазақ» беттерінде жариялаған очерктерімен Түркістанның этнографиялық картасын жасау үшін жергілікті халықтардың тұрмыс-тіршілігін зерттеуді мақсат еткен комиссияның жұмысына жақсы жәрдем берді.

Нарком Жүргенов Советтердің Төтенше X Бүкілқазақтық съезінде Қазақ КСР Конституциясы мәтінін ақырғы өңдеуден өткізуге қатысты. Қазақстан Компартиясының бірінші съезінде Орталық Комитетке мүше болып сайланды. Ұзамай Семей сайлау округінен КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаттығына кандидат боп ұсынылды. 1937 жылғы 2 тамызда комиссар Жүргенов тұтқындалып, 1938 жылғы 25 ақпанда КСРО Жоғарғы соты Әскери алқасының көшпелі сессиясы оны атуға үкім етті.

Темірбек Жүргенов 1957 жылдың 18 сәуірінде ақталды. «Отан опасызы отбасының мүшесі» ретінде еңбекпен түзеу лагеріне сегіз жылға айдалған жары Дәмеш Әмірханқызы Ермекова Жүргенова азаттық алысымен ерінің адал есімін қоғамға қайтару, еліне сіңірген еңбегін жаңғырту мәселелерімен шұғылданды. Жүргеновтің саяси репрессия ұмыттырған істері жайындағы деректер жиналып, көптеген зерттеулер, естеліктер жарық көрді, деректі фильмдер шығарылды. Алаш Орда қайраткерлерін дәріптеу әр қазаққа міндеттелген парыз десек те болады.

Дархан Байтілес

ПІКІР ҚАЛДЫРУ