Қазақстан әлеуметтік желіде діни уағыз жүргізуге шектеу қоя ма – вице-министр жауабы
– Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов Сенат отырысынан кейінгі брифингіде әлеуметтік желіде діни уағыз жүргізушілер туралы пікір білдірді.
БАҚ өкілі вице-министрден Өзбекстанның әлеуметтік желіде діни уағыз жүргізуге тыйым салу тәжірибесін Қазақстанда қолдану мүмкіндігі туралы сұрады.
«Әрине, көршіміздің бұл тәжірибесін білеміз. Менің ойымша, әлеуметтік желілер де үммет және азаматтармен байланыс орнатудың бір құралы. Сондықтан біз әзірше басқа нұсқаны қарастырып жатырмыз. Бірақ әлеуметтік желіде уағыз жүргізуге тыйым салу мәселесі қарастырылып отырған жоқ», — деді ол.
Қ.Ысқақов діни уағызды әлеуметтік жүргізудің бірнеше тәсілі кең тарағанын атап өтті.
«Қарым-қатынастың басқа да нұсқасы бар. Мысалы, оффлайн, онлайн, стримге шығу. Бұл жамағат сөйлесудің бір нұсқасы. Күн тәртібінде бұл мәселеге тікелей шектеу қою тұрған жоқ», — деді ол.