Қазақстан Париж Олимпиадасындағы алғашқы жүлдесін жеңіп алды
Париж Олимпиадасының алғашқы жүлдесі қоржынға түсті
Пневматикалық винтовкамен 10 метрден нысана көздеуден Қазақстан-1 командасы жазғы Олимпиаданың алғашқы жүлдесін делегация қоржынына салды, деп мәлімеді Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Алғаш рет Олимпиада ойындарына қатысып тұрған Ислам Сәтпаев пен Александр Ле жұбы Германия құрамасынан (Анна Янсен, Максимилиан Ульбрих) басым түсті. Есеп – 17:5 – деп толықтырды ведомство.
Айта кетейік, біздің мергендер ертеректе іріктеуде 630.1 ұпай жинаған. Ислам мен Александра дуэті – былтыр Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері.
Олимпиадада қола жүлде жеңіп алған қазақ спортшылары, сондай-ақ олардың бапкерлері мемлекеттен 75 мың АҚШ долларынан алады. Ал алтын үшін 250 мың, күміске 250 мың доллар қарастырылған.