Қазақстанда қандай ұлт өкілдері тұрады?

0
270

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросы елімізде қанша түрлі ұлт өкілдері тұратынын айтты деп хабарлады turkystan.kz.

Бүгінгі таңда Қазақстан халқының саны 19 808 430 адамды құрайды.

«Оның ішінде 70,6% – қазақтар, орыс халқының үлесі – 15,1%, өзбектер – 3,2%, украиндар – 1,9%, ұйғырлар – 1,5%, немістер – 1,1%, татарлар – 1,1%, әзербайжандар – 0,7%, кәрістер – 0,6% және басқа ұлттар.

Қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,5 млн, орыстардың жалпы санынан көпшілігі Алматы қаласында тұрады – 428 мыңы, өзбектер Түркістан облысында – 378 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 86 мың, 297 мың ұйғырдың басым бөлігі Алматы облысында – 120 мың адам», – делінген хабарламада.

Біздің елімізде гагауздар, лезгиндер, құмықтар, аварлар сияқты этностардың да өкілдері бар, Қазақстанда бір шаңырақ астында барлығы 124 ұлт өкілі тұрады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз