Қазақстанда екі-үш күнде қар жауып, көктайғақ болады

0
258
Ертең таңертең солтүстік өңірлерде қар жауып, жел соғады.

«Қазгидромет» 15-17 сәуір күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ауа райына Қара теңізден келетін ылғалды циклон мен Скандинавия түбегінен ығысатын суық арктикалық ауа ықпал етеді. Сол себепті, ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын жауады.

Батыста жаңбыр, ал солтүстік аймақта жауған жаңбыр соңы қарға ұласуы мүмкін. Сондай-ақ бұрқасын, көктайғақ және тұман күтіледі.

Ертең таңертең солтүстік өңірлерде қар жауып, жел соғады. Оңтүстікте де күн күркіреп, қатты жаңбыр, кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.

Республиканың барлық аумағында жел күшейеді, оңтүстікте екпіні 30 м/с және одан жоғары болады. Батыс Қазақстан облысында, 16 сәуірден бастап Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облысында, 17 сәуірден бастап Түркістан облысында түнде үсік жүреді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ