Қазақстанда магистратура грантының құны өседі

0
98

Үкімет отырысында Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек магистратура грантының құнын көтеру жоспары туралы айтты.

Министрдің айтуынша, Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғылыми кадрларды – магистранттарды, PhD докторларын даярлауда ерекше ынталанбауының басты себептерінің бірі – грант құны.

«Бүгінде магистратура бойынша гранттардың орташа құны шамамен 380 мың теңге. Ал негізгі басым мамандықтар бойынша бакалавриат грантының құны шамамен – 1 миллион теңге. Әрине ЖОО-лар ғылыми кадрлармен мықты жұмыс істеуге мүдделі емес. Ал негізгі басым мамандықтар бойынша грант құны шамамен 1 миллион теңге болып отыр. Әрине жоғары оқу орындары ғылыми кадрлармен мықты жұмыс істеуге мүдделі емес»,  деді С. Нұрбек.

Бұл мәселені шешу үшін Ғылым және жоғары білім министрлігі магистратура мен докторантураға бөлінетін гранттардың құнын биылдан бастап 2-3 жыл бакалавриаттармен салыстыра отырып 1,5-2 есе көтеруді қолға алмақ.

Саясат Нұрбектің айтуынша, мұндай қадам жоғары оқу орындарының ғылыми кадрлар даярлауға мүдделі болуы үшін жасалып отыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ