Қазақстанда пияз экспортына шектеу қойылды

0
289

2023 жылдың 28 қаңтарынан бастап елден пияз әкетуге тыйым салынды.

«Қазақстан Республикасының аумағынан пияз әкетуге үш ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», делінген Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығында.

Ведомствоға бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға хабарлау тапсырылды.

17 қаңтарда министрлік сыртқы сауда саясаты және экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия пияздың Қазақстаннан жаппай шығарылуын болдырмау және оның бағасын тұрақтандыру экспортқа тыйым салу туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз